Жаңа тасымалдаушы компания сенімді ақтай алар ма екен?

Просмотров: 19

Қалада жолаушы тасымалы күйіп тұрған өзекті мәселеге айналып үлгерді. Автобустар уақытылы жүрмейді. Тазалық пен жайлылық жайлы айтудың өзі артық бұл ретте. Жұрт қандай болса да, автобустың келгеніне қуанатын күйге жеткен. Өйткені, мердігер компания өз ісін дұрыс атқара алмай отыр.

Қаладағы негізгі маршруттардың көпшілігі “ТTS» ЖШС тиесілі. Әйтсе де, олар өз міндеттерін тиісті деңгейде атқара алмай отыр. Бұған жүргізушілердің тапшылығын айтып ақталып келген болатын. Өз кезегінде қалалық әкімдік мердігермен арадағы келісімді үзіп, жолаушы тасымалын өзге компанияарға табыстауға ниетті. Бұл үшін сотқа да жүгінген. Қазіргі таңда №22 автобус уақытшы қызмет көрсетуге «Ecobus» ЖШС берілді. Нақты жауапты мердігерді анықтауға конкурс жарияланған.
«Автобустардың нақты шығуы – 8 бірлік. «Ecobus» ЖШС Isuzu маркалы 8 автобус шығарады. Күнделікті бақылау жүргізіледі. Уақытша тасымалдаушы сонымен қатар №14 және №6 маршруттарды да алдағы уақытта қызмет көрсетуді жоспарлап отыр», – дейді ТҮКШ бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Ақылжан Уакитов.
Өзге бағыттар бойынша жолаушы тасымалы әлі де болса “ТTS» ЖШС тиесілі. Бірақ, қала басшылығы оларды да өзге компанияларға табыстауға ниетті. Сондай-ақ, “Қала көлік” компаниясы №15 пен №3 бағыттар бойынша үлкен және жаңа автобустарды жолға шығармақшы.
«Барлық 23 автобус келіп түсті. Олардың төртеуін облыстық маршрутқа, ал 19-ын, «Қала көлік» ЖШС-нің мәліметтері бойынша, қалалық маршруттарға, №3 және №15 маршруттарға шығару жоспарланған», – дейді Ақылжан Уақитов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған