Жас өнерпаздар көрмесі өтті

Просмотров: 22

Қалалық тарихи-өлкетану музейінде Ғ.Жұбанова атындағы балалар өнер мектебі көркем сурет бөлімі шәкіреттерінің көрмесі өтті. Бұл көрменің бала-лар үшін маңызы зор. Бұл оларға шығармашылық шабыт сыйлайды.

Биыл облысымызда алғаш рет өнер мектебінің 4 жылдық білімін қазақ тобы тәмамдап отыр. Осы бір айтулы оқиғаға орай ұйымдастырылған көрмені Инна анатольевна ашып, ыстық лебізін бідірді. Сондай-ақ, балаларға алғыс хаттар мен мақтау қағаздары табысталды.
• Маған көрменің ашылуы қатты ұнады. Жас түлектердің еңбегін бағалап, мақтау қағаз табыстағандарына алғыс білдіремін. Мұражай мамандары біздің болашаққа тілек тілеп, алдағы өнер жолындағы өмірімізге тілектес болды. Бұл біз үшін үлкен қанатты қолдау, – деді Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің түлегі Айдын Толғанай.
Жас өнерпаздардың еңбегінің еленуі құптарлық дүние. Өйткені, шығармашылық адамы үшін қолдау мен жігер берудің маңызы зор. Сол арқылы өнер саласының дамуына да мұрындық бола аламыз.

Айкен Сарсенбаева,
Теміртау қаласы №2 жалпы білім беретін мектебі
11”Ә” сынып оқушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған