Жеңіс Қасымбек республикалық референдумда дауыс берді

Просмотров: 117

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумда дауыс берді. Аймақ басшысы Қарағандыдағы әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияда орналасқан № 42 сайлау учаскесінде дауыс берді.

– Біздің учаскеде 2674 референдум қатысушысы тіркелген. Таңғы сегізге 88 адам дауыс берді. Біріншілердің қатарында негізінен қарт адамдар мен жұмысқа барғандар болды, – деп хабарлады № 42 учаскелік комиссияның төрайымы Ләзат Ділмағамбетова.

Учаскедегі дауыс беру процесін партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары бақылайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу бойынша 777 учаске бар.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумда дауыс берді. Аймақ басшысы Қарағандыдағы әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияда орналасқан № 42 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, референдумға 880 мыңнан астам қатысушы тіркелген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған