Жексенбіге түсіп тұр: Қазақстанда білім күні қалай өтеді
Білім министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылғы 6 тамызда Үкіметте өткен брифингте 1 қыркүйек қазақстандық мектептерде қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды 247media.kz
Журналистер министрден білім күнінің жексенбіге түсіп тұрғанын айтып, осыған байланысты мерекелік іс-шаралар басқа күнге ауысуы ықтималдылығын нақтылады.
«1 қыркүйек-дәстүрлі түрде мереке күні. Сондықтан мейрамға орай іс-шаралар мен балаларды жинау басқа жылдардағыдай жүзеге асады. Нақтырақ айтсам, биыл 1 қыркүйекте Білім күніне арналған жиын өткізіледі», — деп жауап берді министр.
17 шілдеде жаңа оқу жылының, сондай-ақ емтихандардың басталу және аяқталу мерзімдері анықталған болатын.