2025 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады
Қаржы министрлігі «2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын жариялады, деп хабарлайды 247media.kz
Атап айтқанда, заң жобасында:
- ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3932 теңге (қазір 3692 теңге);
- ең төменгі зейнетақы мөлшері 62 771 теңге (қазіргі уақытта 57 853 теңге);
- өмір сүру минимумы 46 228 теңгені (қазіргі уақытта 43 407 теңге) құрайды;
- ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 32 360 теңге (қазіргі уақытта 28 215 теңге).Бұл ретте жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерін 8,5%-ға арттыру жоспарлануда.
Медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын міндетті медициналық сақтандыру бойынша мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызын құрайтын болады.
Құжат 31 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.