Автопарк ұжымымен Конституциялық реформа талқыланды

Просмотров: 11

Қаламызда Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Қалалық коалиция мүшелері қала автопаркінің еңбек ұжымымен кездесіп, Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі қағидаларын таныстырды.

Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің басты бағыттары баяндалып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы кеңінен талқыланды. Әсіресе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, еңбек адамдарының мәртебесін арттыру, әлеуметтік кепілдіктерді нығайту және әділет қағидаттарын орнықтыру мәселелеріне назар аударылды.

Автопарк қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Ашық диалог форматында өткен жиында заң үстемдігі, әділетті қоғам құру және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Осындай мазмұнды кездесулер қоғамның әр саласындағы еңбек ұжымдарының реформалар мәнін терең түсінуіне және ел болашағына қатысты саналы ұстаным қалыптастыруына мүмкіндік береді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Amanat Temirtau (@amanat_temirtau)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған