Қалалық коалиция мүшелерішағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті
Қаламызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін қалалық коалиция мүшелері шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдерімен кездесіп, конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын кеңінен таныстырды.
Кездесу барысында кәсіпкерлік қызметке қатысты құқықтық кепілдіктер, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелері сөз болды. Коалиция өкілдері жаңа жобада бизнестің дамуына қолайлы орта қалыптастыру, әділ бәсекелестік пен құқықтық қорғалуды күшейту бағыттарына ерекше мән берілгенін атап өтті.
Ашық диалог форматында өткен жиында кәсіпкерлер өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Өзара пікір алмасу бизнестің тұрақты дамуы мен мемлекеттік саясаттың ашықтығын қамтамасыз етудің маңызын айқындай түсті.
Түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

