№3 мектеп ұжымымен Конституция жобасы талқыланды

Просмотров: 9

Қаламызда жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Осы мақсатта қалалық коалиция мүшелері КММ «№3 жалпы білім беретін мектеп» еңбек ұжымымен арнайы жүздесу өткізді.

Кездесу барысында Конституция жобасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты талқыланып, олардың елдің одан әрі дамуына, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне тигізер ықпалы түсіндірілді. Әсіресе заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және қоғамдағы әділдікті арттыру бағыттары сөз болды.

Мектеп ұжымы белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Ашық форматта өткен пікір алмасу жаңа нормалардың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер халыққа маңызды ақпаратты жеткізіп қана қоймай, қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыруға және маңызды мемлекеттік шешімдерге саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған