Халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымымен кездесу өтті

Просмотров: 12

Қарағанды облыстық коалициясының мүшелері қалалық коалиция өкілдерімен бірлесіп, қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ алдағы референдумның маңыздылығы, ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен олардың қоғам дамуына ықпалы кеңінен талқыланды.

Жиын барысында ұжым мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. Ашық форматта өткен кездесу қатысушылардың ой-пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер қоғам өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, конституциялық өзгерістердің мазмұнын түсіндіруге және азаматтардың маңызды саяси процестерге белсенді қатысуына ықпал етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған