№32 мектеп ұжымымен Конституция жобасы талқыланды

Просмотров: 14

Қалалық коалиция мүшелері Ақтау кентіндегі КММ «№32 жалпы білім беретін мектебінің» еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жүздесу барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының негізгі бағыттары мен оның қоғам үшін маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу барысында коалиция өкілдері алдағы референдумның маңызына ерекше тоқталып, конституциялық өзгерістердің елдің тұрақты дамуына, қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар жаңа нормалардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні айтылды.

Еңбек ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Кездесу еркін диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, конституциялық өзгерістердің мәнін жеткізуге және азаматтардың алдағы референдум туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған