Теміртауда энергетиктермен кездесу өтті

Просмотров: 12

Қаламызда жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Қалалық коалиция мүшелері Теміртау қаласының энергетика саласының қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізіп, конституциялық реформаның негізгі бағыттары жөнінде ақпарат берді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мазмұны, енгізілетін өзгерістер және олардың ел дамуына ықпалы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар алдағы референдумның маңыздылығы айтылып, азаматтардың ел болашағына қатысты шешім қабылдаудағы жауапкершілігіне назар аударылды.

Жиын ашық диалог форматында өтті. Энергетика саласының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Коалиция өкілдері барлық сауалдарға жауап беріп, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мәнін жан-жақты түсіндірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған