Шахмат сквері аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді
30 наурыз күні Халықаралық Қалдықсыз әлем күніне орай, «Таза жерде — біз» акциясы аясында «Таза Қазақстан» қозғалысының белсенділері Шахмат сквері аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді ♟️
Сквер аумағы пластик бөтелкелермен, пакеттермен және басқа да тұрмыстық қалдықтармен қатты ластанған болатын. Белсенділер аумақты мұқият тазалап, барлық қоқысты жинап, сквердің тазалығы мен ұқыпты келбетін қайта қалпына келтірді.
Мұндай бастамалар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салады. Қаланың тазалығы әрқайсымызға байланысты, сондықтан табиғатты сақтап, оны болашақ ұрпақ үшін қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз

