«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

Просмотров: 12

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.

Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша, зиянкестер iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қоймасының толып кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және хабарландыруларды жаппай таратуда.

Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер, бейнематериалдар мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі.

Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда, танымал сервистердің ресми ескертулерін толықтай қайталайды. Соның салдарынан олар шынайы болып көрініп, пайдаланушыны әрекет жасауға итермелейді.

Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылы өтіп, сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесе қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.

Сілтемені басқан кезде ықтимал құрбандар түпнұсқа сервистерді көшіретін фишингтік сайтқа түседі. Сол жерде енгізілген логиндер, құпиясөздер және банк деректері киберқылмыскерлердің қолына түседі.

Осындай жолмен Google Drive, Mail.ru бұлты, Яндекс Диск және басқа да бұлттық сақтау сервистері атынан жалған хабарламалар жіберілуі мүмкін.

Қауіп-қатердің бұл түрі тарала бастағанын ескере отырып, мыналар ұсынылады:

– SMS, электрондық пошта және мессенджерлердегі «шұғыл» хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;
– бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттар арқылы тексеру;
– бөгде парақшаларда логиндер, құпиясөздер және банк деректерін енгізбеу;
– барлық бұлттық және пошталық аккаунттарда екі факторлы аутентификацияны қосу;
– әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі құпиясөздерді пайдалану;
– бұзып кіру күдігі болған жағдайда дереу құпиясөзді ауыстырып, барлық белсенді сессияларды аяқтау.

Сақ болыңыз: деректердің жойылуы немесе аккаунттың бұғатталуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистер арқылы тексеріңіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған