«Тіл шебері» республикалық байқауы

Просмотров: 11

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» республикалық байқауын бастады.

Байғауға қатысу үшін өтінім 2026 жылғы 1 шілдеден 1 тамызға дейін қабылданады.
Байқауға үш тілді жетік меңгерген орталық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері қатысады.

Байқау үш кезеңнен тұрады:
1) «Үздік цифрлы контент» – жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып әзірленген, әлеуметтік желілерде #tilsheberi хештегімен жарияланған сапалы әрі мазмұнды аудиовизуалды өнім;
2) «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үздік жоба» – өз саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған нақты жоба;
3) «Тіл шебері» үш тілді меңгерудің себептері, оның мемлекеттік қызметтегі пайдасы және кәсіби қызметтегі мүмкіндіктер туралы эссе.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған