Теміртауға 500 бейне камера орнатылады

Просмотров: 21

Халық көп жүретін көшелермен тығыз орналасқан шағын аудандарда және Теміртаудың қараңғы аулаларында тағы 500 бейнебақылау камерасы орнатылады. Сондай-ақ, бейнекамералар қаланың жанармай құю станцияларына орнатылады. Осы арқылы тұрмыстық баллондарға сұйытылған газ құятындарды анықтамақ.

– Тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау қажет болған жағдайда жылдам ақпарат алуға, жол қозғалысын бақылауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал етеді, – деп атап өтті әкімнің қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Гүлнұр Әбдіғалиева. – Теміртауда бұған дейін 800 камера болған, енді олардың саны 1300-ге көбеймек. Жаңа камералардың түсіру сапасы жоғары, жарық жоқ кездері де түсірілім жасау мүмкіндігі бар. Мұның бәрі кескіннің анық және бейнебақылау жүйесінің тиімді болуына әсер етеді.
Құрылғыдағы суреттер тікелей жергілікті полиция бөлімінің жедел басқару орталығына түсіп отырады.

Өз тілшімізден

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған