Теміртаулық дәріханалар міндетті таңбалауға дайын ба?

Просмотров: 29

Қазақстанда 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап өндірілген барлық дәрі-дәрмектерді міндетті түрде таңбалау енгізілді. Бұл таңбалау бөлшек саудаға арналған дозаланған дәрілік формалар немесе қаптамаларға қатысты.

Мамандардың айтуынша, бұл жаңалық нарықты контрафактілік өнімдерден арылтады, дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмайды және дәрі-дәрмектердің заңсыз айналымын жояды.
«Қазіргі уақытта Теміртауда 70-тен астам дәріхана таңбалау жүйесінде тіркелді. Тіркелмегендері барлығы 8 ғана. Теміртау тұрғындарына бұл жаңалық мемлекет бақылауында екенін хабарлағымыз келеді, өйткені дәрі-дәрмектердің сапасы туралы сұрақтар мен шағымдар түсті. Сондықтан бүгін біз дәріханаларға осындай сапар жасадық», – дейді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Зияшев.
«Дәрі-дәрмектерді таңбалаудың басты мақсаты – контрабандаға қарсы күрес және препараттардың қоймалардан, өндірушілерден пациенттерге дейінгі қозғалысын қадағалау, яғни препараттың қалай шыққанын және пациентке қалай жеткенін бақылау. Бұл арқылы препараттың өнімділігін, құрамын және оның пациентке қалай жеткенін толықтай көруге болады», – дейді Қарағанды облысы медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Сабина Нагметуллина.
Енді біздің қаладағы барлық дәріханалар арнайы сканерлеу құрылғысын сатып алып, жалпы ақпараттық жүйеде тіркелуі қажет.
«Біз бұл жаңалыққа дайынбыз. Біздің дәріханада қажетті жабдықтар бар және бағдарлама қосылған. Өз кезегінде, мен таңбалау жүйесі контрафактілік өнімдерді анықтауға және сапасыз күмәнді препараттардан халықты қорғауға көмектеседі деп есептеймін», – дейді «Замок» дәріханасының басшысы Екатерина Руфина.
Айта кетейік, бұрын таңбалау тек Қазақстанға импортталатын және өндіру күні көрсетілмеген елде өндірілетін препараттарға ғана қолданылатын. Енді барлық дәрі-дәрмектер бақылау жүйесімен қамтылды.
Өз тілшімізден.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған