2024 жылы бірінші сыныпқа қанша бала барады

Просмотров: 34
Білім министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылғы 6 тамызда өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды247media.kz

Оның айтуынша, республика бойынша барлығы 7859 мектеп жұмыс істейді. Оның 6387-сі жақсы жағдайда.

«1 қыркүйектен бастап 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн бала оқиды, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Бүгінгі таңда 336 мың бала қабылданды», – деді министр.

Оның айтуынша, әкімдіктер тегін тамақтандыруды ұйымдастыру үшін қажетті қаржы бөлді. Нәтижесінде 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артты.

«Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіледі. Биыл 510 мың бала мектепке дайындалу үшін көмекпен қамтылды. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен қажетті қаражат қарастырылған», — деп түйіндеді Білім министрлігінің басшысы.

2024 жылдың 4 мамырында Білім министрі өз бұйрығымен Қазақстандағы мектепке қабылдау ережелерін өзгертті. Балаларды гимназиялар мен лицейлердің бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихан өткізу алынып тасталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған