Тәуелсіздік – ұлт тарихындағы ұлы белес

WorldSkills Kazakhstan 2026: Қарағанды облысының намысын 50 жас маман қорғайды

Астанада басталған кәсіби шеберлік чемпионатында қарағандылықтар 41 құзыреттілік бойынша бақ сынайды.

WorldSkills Kazakhstan 2026 чемпионаты / Чемпионат WorldSkills Kazakhstan 2026
Фото / Фото: Қарағанды облысы әкімдігі / акимат Карагандинской области (gov.kz)

Астанада XI республикалық WorldSkills Kazakhstan 2026 кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Байқауға еліміздің 20 өңірінен 800-ден астам жас маман келген. Қарағанды облысын 50 студент пен жас маманнан жасақталған құрама команда таныстырып жүр.

Чемпионат 25–30 қараша аралығында өтеді. Қатысушылар 44 құзыреттілік бойынша жарысады, олардың кәсіби дағдысын мыңға жуық сарапшы бағалайды. Қарағандылықтар соның 41 бағытында өнер көрсетеді.

Биылғы чемпионаттың басты жаңалығы – конкурстық тапсырмаларға жасанды интеллект құралдарының енгізілуі. Яғни жас мамандар тек қолөнер шеберлігін ғана емес, заманауи цифрлық құралдарды пайдалана білуін де дәлелдеуге тиіс.

Дереккөз: Қарағанды облысы әкімдігі (gov.kz)
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Осы тақырыпта