Тәуелсіздік – ұлт тарихындағы ұлы белес

Балқаштағы балаларды оңалту орталығында 48 бала ем алды, келесі жылы қалада травматология орталығы ашылады

Балқаш, Приозерск, Ақтоғай мен Шет ауданының балалары енді оңалту емін алу үшін басқа қалаларға бармайды.

Балқаштағы балаларды оңалту орталығы / Детский реабилитационный центр в Балхаше
Фото / Фото: Қарағанды облысы әкімдігі / акимат Карагандинской области (gov.kz)

Балқашта тамыз айында ашылған балаларды оңалту орталығы өңірдегі көптеген отбасының ауыр жүгін жеңілдетті. Енді Балқаш пен Приозерск қалаларының, Ақтоғай және Шет аудандарының балалары оңалту емін алу үшін алыс қалаларға сапар шекпейді.

«QH Оңалту орталығы» «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қатысуымен ашылған. Жұмыс басталғалы бері мұнда 48 бала оңалту курсынан өтті. Орталықтың қуаты жылына 493 пациентке дейін көмек көрсетуге жетеді.

Орталықтың жұмысымен облыс әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков пен «Қазақстан халқына» қорының денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау бағдарламалары орталығының жетекшісі Динара Нұрқасымова жұмыс сапары барысында танысты.

Келесі қадам – өңірлік травматология орталығы

Келер жылы Балқашта Өңірлік травматология орталығы ашылмақ. Динара Нұрқасымованың айтуынша, бұл жобаны іске асыру үшін республика қалаларының ішінен алдымен Балқаш таңдалған.

Орталық қалалық көпбейінді аурухананың базасында орналасады. Жобаға академик Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы әдістемелік қолдау көрсетеді. Бұл Балқаш пен іргелес аудандардың тұрғындарына мамандандырылған көмекті жақындата түседі.

Сапар барысында Балқаш жоғары медициналық колледжі де аралап көрілді. Мұнда инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары толық аяқталған: су құбыры, кәріз және электр желілері ауыстырылып, сыртқы жарықтандыру ретке келтірілген. Колледж ауласына жаңа жабын төселіп, спорт алаңы мен демалыс орындары жасалды, автоматты суару жүйесі орнатылып, аумақ көгалдандырылды.

Дереккөз: Қарағанды облысы әкімдігі (gov.kz), Балқаш қаласы әкімдігінің мәліметі
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Осы тақырыпта