АЭС орнына газ генерациясы: Жәкішевтің пікіріне министр жауап берді

Просмотров: 34

Үкімет отырысы аясында өткен баспасөз мәслихатында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің атом электр станциясын емес, газ генерациясын салу туралы ұсынысына жауап берді. Бұл туралы 247media.kz  тілшісі хабарлайды 

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев АЭС-тің орнына газ генерациясын салуды ұсынған болатын.

«Мұхтар Жәкішевтің газ генерациясын пайдалану туралы ұсынысы қарастыруға жарамсыз. Өйткені ол жария еткен цифрлар, 8-9 млрд текше метр газ кеніш алауларында жанып кетіп жатыр дегені шындыққа сай емес. Іс жүзінде ең көп дегенде 340 млн текше метр газ жағамыз. Бұл бүкіл газдың бір пайызынан аз. Мұнша газ генерация көзі бола алмайды . Бізде газ генерациясын дамытудың жүйелі жоспары бар. Ол туралы бұған дейін де айтып жүрмін», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кетейік, бүгін премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ғалымдар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен өткен үкімет отырысында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша үкімет басшысы Энергетика министрлігіне үкімет аппаратымен бірлесіп Президент Әкімшілігіне жарлық жобасын енгізуді тапсырды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған