Теміртау қаласында есірткі жарнамалайтын граффити жазбаларды бояуға 500-ден астам еріктілер, полиция және күзет ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
7 қыркүйекте Теміртау қаласында есірткі заттарының таралуына және салауатты өмір салтын насихаттауға қарсы күрес бойынша ауқымды акция өтті. Еріктілерді, полиция қызметкерлерін және күзет ұйымдарын қосқанда 500-ден астам адам есірткі жарнамасы бар заңсыз граффитиді бояу үшін жиналды.
Іс-шараға қатысушылар 5 адамнан тұратын 100 топқа бөлінді, олардың әрқайсысы жұмыс істеу үшін өздерінің маршруттық карталарын алды. Нәтижесінде бір күнде 3000-нан астам жазулар мен заңсыз жарнамалық суреттер өшірілді.
-Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Теміртау қаласының полиция қызметкерлері есірткі сайттарын жарнамалап граффити түсіргені үшін Қарағанды қаласының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Полиция ұсталған адамның қаланың жеті көшесіндегі 36 үйге 186 граффити жазбаларын қалдырғанын анықтады. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде, — деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Ол мұндай іс-шаралар есірткі қылмысына қарсы күрестің маңызды бөлігі болып табылатынын және қаланың көрнекі келбетін жақсартуға, сондай-ақ жастарды теріс ықпалдан қорғауға көмектесетінін атап өтті. -Мен есірткіні қолдануға үзілді-кесілді
қарсымын және оларды насихаттауға жол берілмейді деп санаймын. Есірткіні жарнамалайтын граффити мен басқа да суреттерді өшіру акциясына қатысқаныма қуаныштымын, себебі бұл біздің қоғамда салауатты және қауіпсіз ортаны сақтау үшін маңызды, деді Қарағанды қаласының индустриалды университетінің студенті Әділет Айдархан.