Қарағанды ферроқорыту зауытына 700 мың теңге айыппұл салынды

Просмотров: 27

Қарағанды қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соты «YDD CORPORATION» ЖШС-не қатысты іс қаралды. 4 адамның өмірін қиған оқиға кезінде зауыт өкілдері оқиға орнына ТЖД қызметкерлерін кіргізбегені анықталды, деп хабарлайды 247media.kz тілшісі.

Тергеу анықтағандай, 20 шілдеде болған пеш дарылы кезінде оқиға орнына келген Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне «YDD CORPORATION» ЖШС-нің сенімді өкілдері оқиға орнында болған жағдай туралы ақпарат беруден бас тартып, ТЖД қызметкерлерін 40 минут зауыт аумағына кіргізбеген.

«Осы факті бойынша Қарағанды облысының ТЖД-мен „YDD CORPORATION“ ЖШС-не қатысты ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігімен (мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасау) фактісі бойынша әкімшілік іс қозғап, сотқа жолданды. Сотта «YDD CORPORATION» ЖШС-нің өкілі тағылған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады, «YDD CORPORATION» ЖШС-нің кінәсі барлығы іс бойынша келтірілген дәлелдермен расталды», – деп мәлімдеді Қарағанды қаласының Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сотта «YDD CORPORATION» ЖШС ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, осы баптың санкция шегінде 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 20 шілдесінде «YDD CORPORATION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ферроқортыпа зауытында пеш жарылып, салдарынан сегіз адам зардап шеккен еді. Төрт адам көз жұмды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған