Қарағандыда аяғы ауыр көпбалалы аналар есірткі сатқан
Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан 53 адам ұсталған. Оның ішінде екі жүкті әйел, студенттер мен оқушылар бар.
Кешкі Қарағанды арнасының хабарлауынша, полицейлер есірткі бизнесімен күресті жалғастырып жатыр. Қазір қылмыскерлер интернетті жақсы меңгерген, онда олар азаматтарға оңай табыс ұсынады.
Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полковник Әбіл Әбілдиннің айтуынша, жыл басынан бері ақпараттық ресурстар арқылы есірткі сатқандарға 71 қылмыстық іс қозғалған.
Оның ішінде 40-ы — граффити арқылы жарнамалағандар.
Есірткі таратуға қатысқан 53 адам ұсталды, оның ішінде әл-ауқаты жақсы екі жүкті, көпбалалы әйел, төрт студент және кәмелетке толмаған 8 бала бар.
Екі әйелдің бірі 2 келіге жуық синтетикалық есірткіні осында жеткізгеен, екіншісі — көпбалалы ана оны қала бойынша таратқан. Екеуі де 8-10 жыл мерзімге сотталды.
Қазіргі уақытта еріктілер мен полиция есірткі жарнамасы бар 10 000-ға жуық граффитиді бояды.
Полковник Әбілдин граффити арқылы жарнама жасағандар 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын атап өтті.