Теміртауда қоғамдық көлікті жаңарту жалғасуда

Просмотров: 9

Теміртауда қоғамдық көлікті жаңғырту жүріп жатыр. № 22 маршрутқа 2024 жылы шыққан жаңа автобустар шықты.

Бұл Qaz Тehna Саран зауытының Yutong маркалы автобустары. Сыйымдылығы 85 адамға дейін. Көлік Еуро-5 экологиялық стандарттарына сәйкес келеді, климаттық бақылау жүйесімен, бейнебақылаумен және ONAY! валидаторларымен жабдықталған. Ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға ыңғайлы болу үшін пандустар бар.
«Теміртау әкімдігі проблемалық бағыттармен жоспарлы жұмыс жүргізуде. № 6 және 22 маршруттарға қызмет көрсету бойынша «TTS» ЖШС-мен шарт біржақты тәртіппен бұзылды. Жақын арада № 14 маршрутты жаңарту жоспарлануда. Конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін проблемалық бағыттарға «Ecobus» ЖШС уақытша қызмет көрсетеді», – деп хабарлады Теміртау әкімдігі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған