Қорғаныс министрлігі әскердегі ақша бопсалау фактісін жоққа шығарды
Журналистер мерзімді қызметтегі сарбаздардың ата-аналары балаларынан офицерлер мен аға сарбаздар ақша бопсалайтындығына жиі шағымданатынын айтты. Осыған байланысты бұл мәселеге қатысты басшылық қандай шаралар қабылдап жатқанын сұрады.
Алайда Шайх-Хасан Жазықбаев бұл фактілерді бопсалаумен байланыстырмайды.
«Иә, ата-аналарынан 2-3 мың теңге сұрайды. Өйткені, әскер мәзірі деген бір басқа. одан бөлек, дегенмен әрқайсысы бала емес пе, 18-19 жастағы, Coca-Cola ішкісі келеді, Snickers жегісі келеді және т.б. Шай бөлмесі деген бар, одан бөлек дүкен бар, осы тәттілерді сатып алуға болатын. Осыған байланысты мерзімді қызметтегі сарбаздардан ақша бопсалайды деген күдік-күмән тууы мүмкін», – деді ол.
Бұл ретте Шайх-Хасан Жазықбаев бір офицердің сарбаздан 3 мың теңге алуы фактісі тіркелгенін жеткізді.
«Бұл факт бойынша тергеу жүргізілуде. Егер тергеуде факт расталса, ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сай жазаланады», деп сөзін түйіндеді вице-министр.
Мәжіліс депутаты Константин Авершин бұл ретте әскерге шақырылушылар арасында лудомания проблемасының бар екендігін атап өтті.