Жеңіс Қасымбек Ақадыр кентінің тұрғындарымен кездесті

Просмотров: 111

Абаттандыру, жолдар, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту – бұл мәселелерді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесуде Шет ауданы Ақадыр кентінің тұрғындары көтерді.

Сондай-ақ, тұрғындар ауыл арқылы өтетін Нұр-Сұлтан – Алматы пойызы олардың станциясында екі бағытта тоқтауын ұйымдастыруды сұрады.

ҚТЖ өкілі бұл мәселені шешуге уәде берді, бұдан басқа, компания жол өтпесі арқылы өтетін жолды орнатумен айналысатынын және вокзал маңындағы алаңды ретке келтіретінін хабарлады.

Ал «Қамқор Локомотив» ЖШС көше тренажерларын орнатуға уәде берді.

Кент жастарынан ДСК салу туралы өтініш түсті. Жеңіс Қасымбек аудан әкіміне келесі жылы бассейні бар спорт нысанының құрылысына кірісу үшін ЖСҚ әзірлеуді тапсырды.

Кездесуде денсаулық сақтау мәселелері де көтерілді. Ақадырда салалы мамандар жетіспейді.

– Айтылған барлық мәселелер біртіндеп шешілетін болады, – деді Жеңіс Қасымбек. – Қажетті шаралары бар Жол картасын әзірлейміз.

Сондай-ақ, облыс әкімі 12 пәтерлі екі үйдің құрылысы жалғасып жатқан нысанда болды.

Мердігер жұмыстар жалғасып жатқанын және күзде үйді тапсыратынын айтты.

Жеңіс Қасымбек кент белсенділерімен кеңес заманында темір жол арқылы көпір салуды жоспарлаған аумақты аралап көрді. Аудан әкіміне нысан иесін анықтауды тапсырды.

Ақадыр кенті негізінен «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша жандандырылып жатыр. Өткен жылы А.Ермеков атындағы мектептің асханасы мен спорт залының құрылысына кірісіп, аурухананың күрделі жөндеуі басталды. Сондай-ақ, Байқозы батыр мен Құрманғазы көшелері жөнделеді. Облыстық бюджеттен ұзындығы 5,5 км оңтүстік-шығыс айналма жолының құрылысы қаржыландырылды.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Ақадырда азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған