Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді

Просмотров: 29

Ағымдағы жылдың 1 қазан күні қарттар күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде мерекелік концерт өткізілді. Аталмыш іс-шараға әскери бөлім ардагерлері қатысып, көңілдері көтеріліп қалды. Іс-шара аясында, әскери қызметкерлер әрбір халықтың әндерін шырқап, ардагерлеріміздің қошеметіне бөленді.


– Бұл іс-шара, халықаралық қарттар күні қарсаныңда ұйымдастырылып отыр. Қарттар біздің қазынамыз, сан түрлі дәстүрді сақтап, болашақ ұрпаққа насихаттаушыларымыз болып табылады. Бүгінде біз бұл іс-шара аясында, әскери бөлімнің ардагерлеріне арнап арнайы концерт ұйымдастырдық. Бұл іс-шараның басты мақсаты, ардагерлерімізді ардақтап қадірлеу- деп атап өтті 6505 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Мақсат Мукаев.
Іс-шара соныңда, әскери бөлім командирі әскери бөлімнің барлық ардагерлеріне бағалы сыйлықтар мен арнайы мадақтамалар табыстады. Өз кезегінде ардагерлер ұландықтарға алғыстарын білдірді.

 

ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған