Қарағандылық кикбоксшылар Әлем Кубогында үш медаль жеңіп алды

Просмотров: 39

Қарағанды облысының жас спортшылары кикбоксингтен Әлем Кубогында ерекше көзге түсті. Олар қоржындарына екі алтын мен қола медаль жинады.

Әлем біріншілігі Ташкентте өтті. Оған 53 елден 1200 жауынгер қатысты. Жекпе-жекті халықаралық деңгейдегі 130-дан астам төреші қадағалады.

Қазақстан құрамасының сабында Қарағанды облысынан үш спортшы жеңіске жетті. Олардың барлығы медаль жеңіп алды. Жастар арасында бірінші орынды Балқаш қаласының жас споптшысы Гаухар Сайлаубек иеленді. Жаттықтырушысы – Дулат Саметов. Жоғары жастағы жасөспірімдер ішінде Дамир Кәдіров үздік атанды, ал Артур Гебель қола алды. Тәлімгері – Александр Логинов.

–  Мен жігіттердің нәтижесіне ризамын. Бұл турнир беделді, көптеген мықты қарсыластар болды. Жеңіл шайқас болған жоқ деп айта аламын, күш салуға тура келді. Қазір республикалық жарыстарға дайындалып жатырмыз, – дейді «Атлант» спорттық-сауықтыру кешенінің жаттықтырушысы Александр Логинов.

Ташкенттегі әлем кубогы кикбоксингті 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енгізу жолындағы маңызды кезең ретінде қарастырылады, бұл жас жауынгерлерге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған