Степногорсктік ұландықтар референдумда өз дауыстарын берді

Просмотров: 31

         Елімізде 6 қазан күні айтулы референдум өз бастауын алды. Еліміздің барлық аумағында ашылған, дауыс беру учаскілерінде мемлекет тұрғындары өз дауыстарын беруде. Дегенмен, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Степногорск қаласында орналасқан 3517 әскери бөлімінде орналасқан дауыс беру учаскесі өзінің қызметін ең бірінші болып 6:00 де бастаған болатын.

Қазіргі таңда аталмыш дауыс беру учаскесінде 200 ден астам отан қорғаушылар өз дауыстарын беріп, таңдайларын жасады. Сондай-ақ, аталмыш учаскіде ең алғашқы дауыс беріп жатқан әскери қызметкерлерге әскери бөлім тарапынан арнайы сыйлықтар беріліп, тәттілер таратылды.

 

 

ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған