СҚО-да тас жол бойында жүк көлігі отқа оранды

Просмотров: 6
СҚО-да өрт сөндірушілер тас жол бойында отқа оранған жүк көлігі өртін сөндірді, деп хабарлайды 247media.kz

14 тамызда Тайынша ауданында Чермошнянка ауылының жанында жүк көлігі өртенді.

«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрттің көзі қысқа мерзімде жойылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», делінген төтеншеліктер хабарламасында.

ТЖМ азаматтарға автомобиль электр сымдарының жарамдылығын тексеру қажеттігін еске салады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған