Қазақстан экономикасы үшінші ай қатарынан өсіп келедім
Спикер ағымдағы жылдың қаңтар – қыркүйек айларының қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 4% -ды құрағанын айтты.
«Қабылданған шаралардың арқасында үшінші ай қатарынан өсу көлемінің жеделдеуі байқалады. Нақты сектордағы өсім 5%-ды құрады, қызмет көрсету саласындағы өндіріс 3,8%-ға өсті. Ағымдағы жылы экономиканың өсуі шикізаттық емес сектордың дамуымен толық қамтамасыз етіледі. Салалар арасында ауыл шаруашылығы мен құрылыс ең үлкен өсуді көрсетеді. Көлік қызметі 8%-ға, байланыс 6,4%-ға, сауда 6,3%-ға, өңдеу өнеркәсібі 4,8%-ға өсті», — деді ол.
Оның деректері бойынша ЖІӨ өсімінің 65%-ын сауда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы қамтиды.
«Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,6%-ға өсті. Инвестициялардың ең көп өсуі шикізаттық емес салаларда байқалады. Инвестиция көлемі 81,7%-ға, білім беру – 79,3%-ға, көлік – 31,1%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 6,3%-ға, Денсаулық сақтау саласы- 4,8%-ға өсті», — деп толықтырды Нұрлан Байбазаров.
Ол барлық жеті негізгі экономикалық көрсеткіш бойынша сегіз өңірде – Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана мен Шымкентте өсім байқалатынын атап өтті.