Республика күніне арналған ІІІ қалалық «Бұраң бел» ұлттық би фестивалінің ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Просмотров: 6

2024 жыл, 25-қазан

Өтетін орны: Теміртау Мәдениет сарайы

Болатын уақыты:  сағат 12.00.

Теміртау Мәдениет сарайында Республика күніне арналған ІІІ қалалық «Бұраң бел» ұлттық би фестивалі өтеді. Фестивальдің ашылу салтанаты 25-қазан күні сағат 10.30-да басталады. Фестиваль қонағы:  бас балетмейстер, «Наз» мемлекеттік би театры» КМҚК көркемдік жетекшісі,  «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері — Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы өткізетін шеберлік сағаты аса қызықты да пайдалы болатыны сөзсіз.

Қадиша Ермекбайқызы – халықаралық хореографтар байқауының 3 сыйлығының лауреаты (Новосибирск, Ресей 2003 ж)

«Қазақ хандығына 550 жыл» медалі (2015),  «ҚР Конституциясына 20 жыл» медалі (2015),  «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016),  «Астана 20 жыл» медалі(2018), «Еңбек даңқы» төсбелгісімен  (2018) марапатталған.

Фестивальдің мақсаты:  қазақ ұлттық би өнерін дамыту және дәріптеу,

ұлттық билер арқылы өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, шығармашылық қарым-қатынас пен кәсіби өсу үшін жағдай жасау, эстетикалық талғам

Сағат 12.00-де фестиваль басталады. Фестивальге  қаламыздағы 12 би ұжымы қатысып, олардың құрамында 271 адам бар,  он жеті қазақ халқының ұлттық биін билейді.

 

 

Толық ақпарат алу үшін:   Гүлнар Жәкешқызы Рахметова: 8 705 295 50 72.   (7213) 91-28-64.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған