Ұландықтар республика күнің атап өтті

Просмотров: 27

      Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығында  Республика күні аталып өтті. Аталмыш іс-шара барысында  Қарағанды облысы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Мерей ансамблі «Қазақ елі», «Елге арнау», «Ұлы дала», «Атамекен» атты әсем әндерін шырқап, қошеметке бөленді.

  • Бұл мереке, қазақ елі үшін өте ыстық және маңызды мерекелердің бірі. Себебі, бұл мереке арқылы біз қазақ елінің егемендігін алуға бір табан жақындаған болатынбыз. Бұл мереке үшін көптеген ата бабабыз маңдай терлерін төккен. Бүгінде бұл мереке республикалық ғана халықаралық деңгейде атап өтілуде-деп атап өтті полковник Тоқтаров Берік Серікұлы

Сондай-ақ, іс шара аясында қызметтік міндеттерін жақсы атқарған әскери қызметкерлерге арнайы мадақтамалар берілді. Ал, өз кезегінде әскери қызметкерлер мерекелік концерт тамашалап, іс-шара соныңда естелік фото суретке түсті.

 

 

                                                                ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ  Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған