Республика күніне арналған салтанатты іс-шараның ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Просмотров: 24

2024 жыл, 24-қазан

Өтетін орны: Теміртау Мәдениет сарайы

Болатын уақыты:  сағат 12.00.

Республика күні – еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі,

бұл жаңа Қазақстанның ұрпағы өзінің бастауы мен сабақтастығын ұлықтап, тарихи еңбегі мен халқымыздың мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы ерік-жігерін құрметтеуінің символы.

2024 жылдың 24-қазан күні сағат 12.00-де «Теміртау Мәдениет сарайы» КМҚК-да Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді.

Концерттік бағдарламаға сарайдың шығармашылық ұжымдары «Жауыртау сазы» фольклорлық ансамблі және «Гюзель» ҮБА, «Глория» ҮБА, «Арабески» ҮБА, « Вдохновение» ҮӘБА, сонымен қатар жиынтық хор («Елім-ай» әуесқой камералық хоры және «Камерата» балалар хоры) қатысады.

Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздары: Роман Ким, Жеңіс Еркақ, Жеңіс Сейдоллаұлы қатысып, ән шырқайды.

 

 

 

Толық ақпарат алу үшін:   Гүлнар Жәкешқызы Рахметова: 8 705 295 50 72.         (7213) 91-28-64.

                                                                                              

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған