Ұландықтар жоғалған әмиянды иесіне қайтарды
Қарағандылық ұландықтар Астана қаласында қызмет атқару барысында, қырағылық танытты. Аталмыш оқиға 23 қараша күні Астана қаласында болған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімі Астана қаласының көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қызметке шыққан болатын.
Төребеков Ермахан бастаған әскери топ өзінің серіктестері қатардағы жауынгерлер Күрденұлы Әлішер және Боранбаев Бақытжан мен бірге өздеріне берілген аймақта қызмет атқарып жүреді. Қызмет атқару барысында, көпқабатты үйлердің жанынан әмиян тауып алады.
Дәл сол сәтте ұландықтар көп кідірместен әмиянның иесін іздеуге кіріседі. Арада 15 минут өткен соң әмиян иесі табылып, ол әмиянның ішінде қандай заттар бар екенің баяндап әмиянды алады. Осылайша, Астана қаласының тыныштығын күзеткен ұландықтар тағы да қырағылық танытып, өз қызметтерін адал атқаруда.
ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі