МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ: ЖАС БУЫН ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АТТЫ ФОРУМЫ ӨТКІЗІЛДІ

Просмотров: 31

▪️ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен және аудан, қала әкімі аппаратының қызметшілері, жоғары оқу орнының студенттерінің қатысуымен, жас буынға мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің базасында форум өткізілді.

▪️ Форум барысында, конкурссыз түсу мүмкіндігін пайдаланған ЖОО түлектері А.Рахимберлина және Ж.Оралбай мемлекеттік қызметте жұмыс істеу кезінде қандай мүмкіндіктер алғанын, сондай-ақ студенттерге мемлекеттік қызметтің артықшылықтарын жеткізді.

▪️Бұдан бөлек, өңірлік кадр резервінен Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған М.Кабылганиева өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге тәлімгерлік кеңес берді.

▪️Кездесу соңында Департамент басшысы Ж.Сәрсен болашақ түлектерге сәттілік тілеп, мемлекетке қызметке шақырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған