Газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары
2022 жылдың 8 айында Теміртау қаласының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлерде газдың шығуымен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарына 121 рет шықты.
Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрмыста өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін сақтау бойынша, соның ішінде газ жабдықтарын пайдалану бойынша кең көлемде үгіт-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы
ЕСКЕРТЕДІ:
Тұрмыстық жабдықтарды пайдалану кезінде өрт және төтенше жағдайға жол бермеу үшін:
– 2 қабаттан жоғары тұрғын үйлерде газ баллонын қолданбаңыздар;
– үй-жайларды газдандыруды, газ аспаптарын, баллондар мен тиек арматурасын ауыстыруды және жөндеуді өз бетіңізбен жүргізбеңіз;
– жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыздар;
– газдың шығуын тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыздар (бұл мақсатта сабын ерітіндісін пайдаланыңыздар);
– балалардың газ аспаптарын пайдалануына жол бермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар;
Газ жабдықтарын орнатқан кезде жиһаз және басқа да жанғыш материалдрдан келесі арақашықтықтарды сақтаңыздар:
– ең жақын тік бетке дейін көлденеңінен 0,2 м-ден кем емес;
– оның үстіне еңкіс орналасқан ең жақын көлденең бетке дейін тігінен 0,7 м-ден кем емес.;
– жылыту радиаторларынан, басқа да жылыту аспаптарынан және пештерден 1м-ден кем емес;
– ашық отты жылу көздерінен 5 м-ден кем емес.
Автожанармай құю станцияларында газ баллондарын толтырмаңыздар!
Газ шыққан жағдайда:
– газ беруді жабыңыз;
– терезелер мен есіктерді ашыңыз;
– сіріңкелерді, оттықтарды жақпаңыз, үй-жайға тұтатылған темекімен кірмеңіз;
– жарық және электр құрылғыларын қоспаңыз;
– егер газ жанса, жалынды үрлемеңіз – газ жанып жатқан кезде жарылыс қаупі жоқ.
Өрт және басқа да төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 101 және 112 телефондары бойынша хабарлаңыз.
Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы.