Жыл қорытындысы: Қазақстанның негізгі әлеуметтік бастамалары: тұрмыс сапасын жақсарту және азаматтарды қолдау
2024 жылы мемлекетіміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген әлеуметтік тұрғыда өзгерту бағытын жалғастырды. Еліміздің экономикалық стратегиясының негізі – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Бұл әлеуметтік қолдау мен реформалардың маңызды шараларында көрініс табады.
Әлеуметтік төлемдер және зейнетақыны көбейту
2024 жылы мемлекеттік бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бағытталды.
Қаңтар айында зейнетақының кезекті рет өсті: базалық – 7%-ға, ал ынтымақтастық – 9%-ға артты.
Жинақтаушы зейнетақы алатын 459 мың адамды қосқанда, 2,4 млн-нан астам зейнеткер қамтылды.
Ең төменгі жалақы және жұмыспен қамту
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін көтерілді, бұл шамамен 1,8 млн адамды қамтыды. Бұдан басқа, 600 мың мемлекеттік қызметші үшін жалақыны кезең-кезеңімен 20%-ға арттыру жүргізілді. Жұмыспен қамту бағдарламалары 845 мыңнан астам азаматты, соның ішінде жастар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік инвестициялаудағы инновациялар
Мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру үшін жобалардың инновациялық навигаторы құрылды. Жүйе кадрлық қажеттіліктерді талдауға және жобалардың сапасын бақылауға көмектеседі. 2024 жылы платформада 33 трлн теңгеге 755 жоба бақыланады, олар 150 мыңға дейін жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.
Білім беруді дамыту
2024 жылы ЖОО студенттері, магистранттар мен докторанттар үшін шәкіртақыны көбейту маңызды қадамы іске асырылды.
Бакалавр стипендиясы 20%-ға, ал педагогикалық және медициналық бағыттағы студенттер үшін 75,6 мың теңгеге дейін өсті.
Интерндер үшін стипендия 85, 4 мың теңгені, резиденттер үшін – 123, 1 мың теңгені, ал магистранттар мен докторанттар үшін өсім 15-20% құрады.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы
2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы 18 жасқа дейінгі балалардың арнайы жинақтау шоттарына жіберілетін бағдарлама жұмыс істейді. Биылдың өзінде $695,5 млн есептелді. 2024 жылы 18 жасқа толған немесе толатындарға $30,6 млн төленеді. Ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға және жоғары білім алуға төлеуге бағыттауға болады.
https://t.me/KZgovernment