Теміртауда Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық ән және көркем сөз байқауы өтті
Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық ән және көркем сөз байқауы өтті.
Байқауға 12-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Қатысушылар батырлар ерлігіне арналған әндер шырқап, рухқа толы әсерлі өлеңдер оқыды. Әрбір қатысушы сахнада үлкен тебіреніспен өнер көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Батырлардың рухына арналған терең мазмұнды жырлар мен сырлы әндер көрермендер жүрегінен орын тапты.
Байқаудың негізгі мақсаты — өскелең ұрпақты батырлық пен ерлікке баулу, Отан қорғаған бабаларымыздың ерлігін ұлықтау,жастардың патриоттық сезімін ояту.
Шара барысында «Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды!»,«Есімде!Мен Мақтанамын!» тақырыбында сурет байқауының қатысушыларын марапаттау өтті.Байқауға 10-14 жастағы оқушылар өз суреттерін ұсынды.Қазылар алқасы қатысушылардың өнері мен шығармашылық қабілеттерін бағалады.
Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.Мұндай байқаулар жастардың тарихи санасын қалыптастырып, олардың бойындағы ұлттық рухты оятуға бағытталған маңызды бастама
В Темиртау прошёл патриотический конкурс, посвящённый 80-летию Победы в Великой Отечественной войне.По инициативе отдела внутренней политики города Темиртау состоялся конкурс патриотической песни и художественного слова, посвящённый 80-летию Победы в Великой Отечественной войне. В конкурсе приняли участие дети в возрасте от 12 до 17 лет. Участники исполнили песни, посвящённые подвигам героев, и прочитали стихи, наполненные духом патриотизма. Каждый из участников выступал с большим волнением и трепетом, завоёвывая искренние аплодисменты зрителей. Глубокие по содержанию стихи и душевные песни, посвящённые памяти героев, нашли отклик в сердцах присутствующих.
Основная цель конкурса — воспитать у подрастающего поколения чувство героизма и мужества, почтить подвиг предков, защитивших Родину, а также пробудить у молодёжи патриотические чувства.
В рамках мероприятия также прошло награждение участников конкурса рисунков на тему «Никто не забыт, ничто не забыто!» и «Я помню! Я горжусь!». В нём приняли участие учащиеся в возрасте от 10 до 14 лет, представившие свои творческие работы. Жюри оценили уровень мастерства и креативность участников.
В завершение мероприятия победители и активные участники были награждены благодарственными письмами и памятными подарками. Подобные конкурсы играют важную роль в формировании исторического сознания молодёжи и пробуждении в них национального духа.