«Таза Қазақстан» – экологиялық жауапкершілікті қалыптастырудың жаңа деңгейі

Просмотров: 13

Қоршаған ортаны сақтау мәселесі тек табиғатты қорғаумен шектелмей, қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететін стратегиялық факторға айналды. Қазақстанда жүзеге асырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» акциясы азаматтарды табиғатқа қамқорлық жасауға тартудың, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың кешенді құралы болып отыр.

«Таза Қазақстан» – тек сенбілік немесе уақытша науқан емес, ол ұзақ мерзімді ұлттық экологиялық стратегияның құрамдас бөлігі. Акцияның тиімді жүзеге асуы әрбір азаматтың белсенділігіне, қоғамдағы жауапкершілік мәдениетіне және мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысына тікелей байланысты.

Табиғатты сақтау – келер ұрпақ алдындағы аманат. «Таза Қазақстан» акциясы осы міндетті орындаудың нақты көрінісі әрі экологиялық сананы жаңғыртудың ұлттық үлгісі болып табылады.

 

Жуманбаева Мереке Рахимбаевна

Қаражал қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған