Қаражал қаласында оқушылар арасында «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан жарыс өтті
«AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қаражал қаласының оқушылары арасында «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан жарыс өтті. Іс-шара партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылу салтанатында Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Әбдірәсіл Рахым сөз сөйлеп, ұлттық ойынның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Исина мен МСО әдіскері Гүлім Аханова жарысқа қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Жарысқа қала мектептерінен 10 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде Қаражал қаласындағы №7 жалпы білім беретін мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, I орынды 7-сынып оқушысы Елеукен Әбдіхалық, II орынды 5-сынып оқушысы Сембай Зере, III орынды 5-сынып оқушысы Дүйсенбай Зере иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және дамыту ойындарымен марапатталды. Іс-шара ұлттық құндылықтарды насихаттауға, жастар арасында зияткерлік спорт түрлерін дамытуға бағытталды.
Ұлттық ойынды дамытуға және жарысты ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін «Тоғызқұмалақ» секциясының жетекшісі Бақытгүл Төлеуханға алғыс білдіреміз.

