«Аталар мектебінде» Жаңа Конституция талқыланды
Қаламызда Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Бүгін қалалық коалиция мүшелері «Аталар мектебі» өкілдерімен мазмұнды жүздесу өткізіп, Ата заңның қоғам өміріндегі орны мен маңызын саралады.
Басқосу барысында ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мәні кеңінен түсіндіріліп, оның ел болашағына ықпалы туралы ой қозғалды. Аға буын өкілдері өз тәжірибелері мен өмірлік пайымдарын ортаға салып, мемлекет дамуы, ұлттық бірлік және қоғамдық жауапкершілік жөніндегі көзқарастарымен бөлісті. Әсіресе ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды сақтау, жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелері кеңінен талқыланды.
Аталар сөзі – тәрбие мектебі екені тағы бір мәрте айқындалды. Осындай ашық пікір алмасулар қоғамдағы өзара түсіністікті тереңдетіп, ортақ мақсат пен жауапкершілікке негізделген бірлікті нығайтуға ықпал етеді.

