Өнеркәсіп ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Просмотров: 12

Қаламызда жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесулер жалғасуда. Бұл жолы қалалық коалиция мүшелері өнеркәсіптік кәсіпорынның еңбек ұжымымен жүздесіп, Жаңа Конституцияның негізгі бағыттарын және оның еңбек саласына қатысты ережелерін кеңінен түсіндірді.

Басқосу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің мәні, әсіресе еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға бағытталған тұстары талқыланды. Қызметкерлер азаматтардың ел дамуына қатысу мүмкіндіктері, басқару үдерістеріндегі ашықтық пен жауапкершілік мәселелері жөнінде сұрақтар қойып, өз пікірлерін ашық білдірді. Еркін форматта өткен әңгіме барысында реформалардың өндіріс саласына, еңбек қатынастарына және әлеуметтік тұрақтылыққа ықпалы жан-жақты сөз болды.

Өндіріс орындарында еңбек етіп жүрген азаматтардың көзқарасы қоғам үшін айрықша маңызды. Осындай ашық диалог алаңдары ортақ түсінікті қалыптастырып, сенімді нығайтуға, ал ең бастысы – ел болашағына қатысты жауапкершілікті бөлісуге мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған