Қаңылтыр илемдеу цехында Конституциялық өзгерістер түсіндірілді

Просмотров: 12

Қаламызда Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесулер жалғасуда. Қалалық коалиция өкілдері Qarmet АҚ қаңылтыр илемдеу цехы №3 еңбек ұжымымен жүздесіп, конституциялық реформаның негізгі қағидалары мен ел дамуының басым бағыттарын түсіндірді.

Кездесу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны жан-жақты талқыланып, олардың қоғам тұрақтылығын нығайтудағы, құқықтық жүйені жетілдірудегі және әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттырудағы рөліне назар аударылды. Қатысушыларға Конституцияға енгізілетін түзетулер мемлекеттік басқару тетіктерін жаңғыртуға, тиімділік пен ашықтықты күшейтуге бағытталғаны жеткізілді.

Сондай-ақ 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы түсіндіріліп, бұл тарихи таңдаудың ел болашағына әсері ерекше екені атап өтілді. Ұсынылған өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға және тұрақты даму қағидаттарын бекітуге бағытталғаны айтылды.

Жүздесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, еңбек ұжымы өз сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Мұндай кездесулер қоғамдағы сенімді арттырып, реформалардың мәнін тереңірек түсінуге жол ашады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған