Қарағанды индустриялық университетінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында форум өткізілді

Просмотров: 41

4 ақпанда «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2025 жылы жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылына арналған облыстың жоғары оқу орындары арасында алғашқы іс-шара өткізілді. Университеттің алаңына жергілікті атқарушы органдардың, оқу орындары мен кәсіпорындардың өкілдері жиналды. Форум барысында қаралған негізгі мәселелер: жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және жастарды ел экономикасының дамуында басты рөл атқаратын өндірістік және әлеуметтік мамандықтарға тарту.


– Елбасының бастамасы әсіресе өнеркәсіпті Қарағанды облысы үшін өзекті. Өңірімізде көп жұмыс күшін қажет ететін ірі өнеркәсіп орындары көп. Сондықтан біз жұмыс берушілер, оқу орындары мен жастар арасындағы өзара іс-қимыл жоспарын бірлесіп жасау, сондай-ақ техникалық, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын үйлестіру үшін бір алаңға жиналуды жөн көрдік, – дейді ҚарИУ ректоры Бахыт Жәутіков. – Форум аясында университетіміз облыстық Білім басқармасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Біз білім сапасын арттыруға мүдделіміз және ынтымақтастықсыз бұл мүмкін емес.
Жалпы Қарағанды облысы бойынша жұмыс берушілер, оқу орындары мен жастар арасындағы белсенді өзара әрекеттесуге ықпал ететін 100 астам іс-шараны қамтитын жоспар әзірленді. Осылайша, кәсіпорындардан мақсатты тапсырыс негізінде мамандарды даярлау және дуальді оқыту жүйесін дамыту үшін бизнес құрылымдары мен инвесторларды белсенді тарту жоспарланған. Колледждер сегіз басым бағытқа біріктірілуде: білім беру, құрылыс, көлік, энергетика, IT және коммуникациялар, тау-кен өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы.
Колледждер еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтарды ашуды жалғастырады. Сонымен қатар, қысқа мерзімді курстар арқылы 3 мыңнан астам адамды жаңа мамандықтарға оқыту жоспарлануда. Бұл жұмыс берушілердің өтініші бойынша және жұмыс орнында оқытуды қамтиды.
– «Жұмысшы мамандықтар жылы» шын мәнінде бізге көп мүмкіндіктер береді, – дедіі «Qarmet» АҚ Кадрларды оқыту және дамыту департаментінің директоры Айжан Зияшева. – Біз қазір білікті жұмысшылардың тапшылығынан туындайтын мәселелерімізді, өтініштерімізді және қиындықтарымызды бірден ортаға салып жатырмыз. Бүгінгі таңда біздің үш бөлімшеде: болат, көмір және темір кендері бойынша жұмысшылар тапшылығы 3 мыңға жуық адамды құрайды. Алда көп жұмыс бар және бұл мәселені шешу үшін бәріміз бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде 4 университет және 13 колледжбен тығыз байланыста осы бағытта жұмыс атқарып жатырмыз.
Кәсіптік бағдар беру жұмысына да назар аударылады. Бүгінгі таңда облыс мектептерінде келесі бағыттар бойынша мамандандырылған сыныптар жұмыс істейді: медицина, ауыл шаруашылығы, IT, сервис және т.б. жұмысшы мамандықтарды насихаттау мектептің бастауыш сыныптары арасында да жүзеге асырылуы керек, оларды жергілікті кәсіпорындарға экскурсияға апару қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған