Қарағанды облысында дәрігерлер жол апатына түсіп, жансақтау бөліміне түскен зейнеткерді аман алып қалды

Просмотров: 19
Балқаштағы көпсалалы аурухана дәрігерлері жол апатына ұшыраған зейнеткер әйелдің жағдайы туралы айтты. Көлік қала көшелерінің біріндегі қоршауға қойып кеткен, деп хабарлайды 247media.kz

Зейнеткердің өкпесі қатты зақымданып, ауыр жағдайда хирургия бөліміне келіп түскен.

«Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, дәрігерлер тобы шұғыл түрде ота жасады, өйткені іш қуысының мүшелері зақымданған. Дәрігерлер науқасты өлім аузынан алып қалды», – деді аурухананың баспасөз қызметі.

Өкпенің зақымдануына байланысты әйел адам төрт күн бойы жасанды тыныс алу аппаратында жан сақтау бөлімінде жатты. Алтыншы күні жағдайы тұрақтанғаннан кейін ол полижарақат бөліміне ауыстырылды. Қазір ол оңалту шараларына жіберілген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған