Қарағандыда пәтерді жалға беремін деген желеумен тұрғындарды алдаған күдікті анықталды

Просмотров: 28
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 22 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды 247media.kz

Күдікті әлеуметтік желілерге пәтерді жалға беру туралы хабарлама қалдырып, өзге біреудің пәтерінің суреттерін жариялаған. Алаяқтың құрығына 56 жастағы әйел түскен.

Жәбірленушіге таныстары ұзақ уақытқа жалға алатын пәтер тауып беруін өтінген. Сол мақсатта пәтер іздеген тұрғын әлеуметтік желіден алаяқтың жариялаған хабарламасын көріп, оның есеп-шотына 230 мың теңге ақша аударған.

Кейін жәбірленуші алаяққа алданғанын білген соң полицияға арызданған. жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас тағы да бір қылмысқа қатысы барын анықтады. 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны пәтер жалдау үшін алаяқтың есеп-шотына 170 мың теңге ақша аударғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған