Астанада бірқатар нысандарда қызғылт-сары түсті жарық жағылды

Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық акциясын қолдау мақсатында қаланың бірқатар нысандарына қызғылт-сары түсті жарық жағылды.

Қызғылт-сары түс – жылылықтың, үміт пен ынтымақтың белгісі. Ол әр адамның құқығын қорғау қажеттігін және кез келген зорлық-зомбылыққа жол бермеу идеясын алға тартады. Осы күндері елорданың маңызды нысандары ерекше жылы қызғылт-сары түске боялды.

Әр нысан осындай маңызды мәселеге назар аудартып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге үндейді.

ℹ️ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Осы тақырыпта