Бокстан Қазақстан жастар құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынға ие болды. Бұл туралы 247media.kz Cпортты дамыту дирекциясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль жеңіп алды. Бұл жарыста ел намысын 25 боксшы қорғады.
Жүлде кестесіндегі ТОП-10 құрама:
Қазақстан – 6 алтын, 1 күміс, 10 қола;
Өзбекстан – 5 алтын, 5 күміс, 3 қола;
Ресей – 5 алтын, 2 күміс, 1 қола;
Қытай – 3 алтын, 3 күміс, 4 қола;
Ирландия – 3 алтын;
Түркия – 1 алтын, 2 күміс, 3 қола;
Солтүстік Корея – 1 алтын, 1 күміс;
Мексика – 1 алтын, 1 қола;
Әзербайжан – 2 күміс, 3 қола;
Бейтарап – 2 күміс, 1 қола.
Айта кетейік, Будвадағы жарыстың жалпы жүлде қоры 500 000 АҚШ доллары болды. Жеңімпаздарға 8000 доллар, күміс жүлдегерлерге 4000 доллар, қола жүлдегерлерге 2000 доллар, ширек финалистерге 1000 доллар сыйақы берілді.

