Қазақстандағы 54 вокзал жөндеуді қажет етеді – министр

Просмотров: 10

Биылғы жылдың 10 айында елімізде 17,6 млн жолаушы тасымалданған. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 6 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды 247media.kz

Марат Қарабаевтың айтуынша, жыл соңына дейін 21 миллион жолаушы тасымалдау жоспарланған. Министр халықты тасымалдауға қолайлы жағдай жасау үшін вокзалдарды жаңғырту қажет екенін атап өтті.

«59 негізгі теміржол вокзалының 54-і (жергілікті әкімдіктер балансында – 4, ҚТЖ балансында – 50) жөндеуді талап етеді. Қазіргі уақытта тек Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан қалаларының вокзалдары толық күрделі жөндеуден өтті», деді Қарабаев.

Қалған станциялар бойынша тиісті техникалық құжаттар әзірленіп, қаржыландыру көздері мен тетіктері пысықталып жатқандығы хабарланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған